Әлихан Смайылов: Газ бағасы 2024 жылға дейін өзгермейді
Ішкі нарықты арттыру және олардың тапшылығына жол бермеу үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірісі ұлғайтылады. Сондай-ақ ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың 1-кезеңі іске асырылатын болады. Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна көлемінде сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етіледі. Шикі және тауарлық газдың бағасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін өткен жылғы желтоқсан деңгейінде бекітілетін болады, - деді өз баяндамасында Үкімет басшысы.
Тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыру және инвестициялық бағдарламаларды іске асыру бойынша бақылауды қамтамасыз ету жөнінде заңнамалық шаралар қабылданбақ.
Сондай-ақ коммуналдық төлемдерді төлеу кезінде халықтың мұқтаж санаттарын жеке топқа бөлу жоспарлануда. Су ресурстарына ұқыпты қарауды қалыптастыру және объективті ақы белгілеу үшін 2023 жылдан бастап суды тұтыну көлемдері бойынша сараланған тариф енгізілетін болады, - деді Әлихан Смайылов.