Қария 70 жыл бойы жүргізуші куәлігінсіз көлік айдап келген
80 жастағы жүргізушінің 12 жасынан бері көлікті заңсыз тізгіндеп келгені анықталды,
Басылымның мәліметінше, тәртіп сақшысы Tesco Extra дүкенінің жанында көлік жүргізушісін тоқтатып, құжаттарын сұраған. Алайда көк түсті мини-купер жүргізушісінің ешқандай құжаты жоғы анықталған.
Зейнеткердің айтуынша, ол 1938 жылы дүниеге келген кен. Сондай-ақ тексеру кезінде қарт кісі көлікті 12 жасынан бастап ешқандай құжатсыз айдап келе жатқанын, бұған дейін оны ешкім тоқтатпағанын мойындаған.
Мұндай ерекше жаңалықты жергілікті полицейлер Facebook желісінде бөліскен.
Бұл жайтқа әлі сене алмай тұрмыз. Өйткені 1938 жылы дүниеге келген ер адам жүргізуші куәлігінсіз, сақтандыру қағазынсыз көлік айдап келгенін айтып отыр. Ең алғаш көлік руліне отырғанында небәрі 12 жаста болған екен. Иә, иә, 12 жаста ғана. Содан бері полицейлердің көзіне түспеген. Қуантарлығы, ол ешқашан жол-көлік оқиғасына түспей, ешкімге зиян келтірмеген екен, – делінген жазбада.
Айта кетерлігі, Ұлыбританияда көліктерін сақтандырмаған жүргізушілер саны миллионнан асып жығылады. Әшкере болған бұл жайтқа полиция өкілдері кешірім де сұраған.