00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сұйытылған пропан мен бутан көлемінің үштен екісі экспортқа жіберіледі

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сұйытылған пропан мен бутан көлемінің үштен екісі экспортқа жіберіледі

2021 жылғы қаңтар–қарашада ҚР-да өндірілген табиғи газдың көлемі 49,1 млрд текше метрді құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6% аз. Көрсеткіш екі жыл қатарынан төмендеп келеді және соңғы төрт жылдағы ең төменгі көрсеткіш. 2021 жылғы қаңтар-қазанда экспортқа 1,5 миллион тоннаға жуық сұйытылған пропан мен бутан жөнелтілді (тиісті кезеңдегі өндіріс көлемінің 68,8 пайызы). Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6% аз.

Еске салайық, Үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мақсатында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін реттелетін коммуналдық қызметтерге, оның ішінде газбен жабдықтауға тарифтерді көтеруге мораторий енгізді.

Сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағында жанар-жағармай құю стансаларында көліктерге жанар-жағармай құюға арналған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге 180 күнге шекті баға белгіленді. Елімізде сұйытылған мұнай газын электронды сауда алаңы арқылы сатуға толық көшу бір жылға кейінге шегерілді.