00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Илон Маск күннен қуат алатын смартфон шығарды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Илон Маск күннен қуат алатын смартфон шығарды

Tesla Phone-ның мүмкіндігі жоғары әрі бүгінгі таңда нарықтағы ең мықты смартфондамен бәсекеге түсе алады.

Смартфонның ерекшелігі – жарты сағат ішінде күн сәулесімен 20% қуаттауға қабілетті. Күн панелі құрылғының артқы жағында орналасқан.

Телефонды электр қуатын іздемей-ақ, алаңсыз саяхатқа алып шығуға болады. Ал қолданыстағы көп смартфонда мұндай мүмкіндік жоқ.

Сонымен қатар, Tesla Phone Starlink ғаламдық спутниктік жүйесіне тікелей қосылып, кез-келген жерден жоғары жылдамдықты спутниктік интернетті еркін қолдана алады. Смартфон сатып алушылар үшін желі тегін және шексіз қолжетімді болады.