00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жалақы, жұмыспен қамту және инфляция: Ұлттық экономика министрі жаңа жоба ұсынды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жалақы, жұмыспен қамту және инфляция: Ұлттық экономика министрі жаңа жоба ұсынды

Мемлекет басшысы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды кешенді жақсарту бойынша тапсырмалар берді. Халықтың табысын арттыру бағдарламасы бойынша Бағдарламаны қалыптастыру үшін мемлекеттік органдармен инфляцияны тежеу, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, азаматтардың жекелеген санатарына жалақыны арттыру шараларын және басқа да шараларды қамтитын мәселелерді пысықтау ұсынылады, – деді министр.

Оның айтуынша, кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша заңды іске асыру шеңберінде мемлекеттік реттеудің бүкіл массивін толық қайта қарау жүргізілетін болады.

Бюджеттің кіріс бөлігін нығайту бойынша Біріншіден, тау-кен секторынан қосымша түсімдер алу. Баға конъюнктурасына байланыстыра отырып, барлық қатты пайдалы қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың қосымша мөлшерін есептеу тетігін белгілеу ұсынылады, – деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.