00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге дайын

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге дайын

Банк өтімділігін қолдау үшін Ұлттық банк стандартты құралдарға қосымша Қазақстан қор биржасында (KASE) репо операциялары арқылы өтімділікті 3 айға дейінгі мерзімге қолдау тетігін пайдалана бастады, - делінген хабарламада.

Алматы қаласы мен басқа да өңірлердегі ахуал тұрақталып, байланыс тетіктері рет-ретімен қалпына келуіне байланысты, ертеңнен бастап Қазақстан қор биржасының валюта алаңында сауда-саттық, екінші деңгейлі банктердің және банктік емес айырбастау пункттерінің валюталық айырбастау операциялары, сондай-ақ халықаралық төлемдер мен аударымдар қайта жанданады.

Орын алған келеңсіз оқиғалар кезінде қаржылық тұрақтылыққа қолдау көрсету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық банк қажеттілікке қарай өзінің тікелей қатысуымен жағдай толық тұрақталғанша валюталық интервенциялар жүргізу және нарықтың ішкі, сыртқы қатысушылары тарапынан теңгеге деген сенімді қалпына келтіру арқылы валюта нарығының теңгерімділігін қамтамасыз етеді, - деді Ұлттық банк.