ТЖ: Чек үшін кәсіпкерлерге айыппұл салынбайды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сондай-ақ онлайн-БКМ бойынша «Тауар чектерінің» кітабын мемлекеттік кірстер органдарында тіркеу және желі пайда болғанда берілген тауар чектерін онлайн бақылау-касса машиналарына енгізу қажеттілігі жоқ. Тек салық есептерін тапсыру кезінде ақшалай есеп-айырысуды есептілікте көрсетсе жеткілікті.
Тауар чегі – ақшалай есеп айырысу негіздеуі фактісін растайтын бастапқы есептілік құжаты, бақылау-касса машиналардың техникалық ақауы жағдайларында немесе электр қуаты болмағанда қолданады.
Бұл ретте, кәсіпкер тауар чегінде өткізілген тауарларлардың, көрсетілген қызметтердің атауы мен санын көрсетпестен, сомасын ғана көрсетуіне болады. Айыппұл санкциялары қолданылмайды.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді