Лаңкестіктен зардап шеккен кәсіпкерлерге арнайы қор ашылды
Бүлік кезінде зардап шеккен бизнесті қолдайтын «Күшіміз бірлікте» - «Сила в единстве» қорын Алматы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Баршев басқарады. Қаржылай қолдау көрсетемін деген азаматттар ұлттық палатаның call орталығына және Алматы қаласының өңірлік кеңесіне хабарласа алады.
Телефондар тәулік бойы қызмет көрсетеді. 8 (778 410 17 58), 8775 126 18 39, сондай-ақ Бауыржан Оразғалиев Алматы өңірлік кәсіпкерлер палатасынан 8777 947 00 77.
Жақында Алматы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесі қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар мен ірі кәсіпкерлерді қираған шағын және орта бизнес нысандарын қалпына келтіру үшін қаржылай көмек көрсетіп, әріптестерін қолдауға шақырды. Ұлттық кәсіпкерлер Алматы бизнесінің бастамасын қолдады.
Қазір Атамекен кәсіпкерлерден зардап шеккен нысанды фото және видеоға түсіруді сұрайды. Сондай-ақ алдағы уақытта кәсібіне көмек алу үшін шығынын дәлелдей алады. Сонымен қатар өздігінен алдын ала шығынын есептеу керек. «Күшіміз бірлікте» - «Сила в единстве» жиналған қор арнайы комиссияның шешімінен кейін елдің бүкіл зардап шеккен аумақтарына бөлінетін болады. Қордағы ақшаның түсуі және бөлінуі ашық болатынына кепілдік беріледі. Барлық қаржы операциялары цифрландырылады.