00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан биржасында IBM және Caterpillar акциялары сатылымға шықты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан биржасында IBM және Caterpillar акциялары сатылымға шықты

Атап айтқанда, Caterpillar Inc. пен International Business Machines Corp. (IBM) компанияларының акциясы қазақстандықтарға қолжетімді болмақ.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі АҚШ долларымен көрсетілген акция бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген. Баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.

Бұл акциялар орталық контрагентпен ішінара қамтамасыз ету шарттарымен мәмілелер жасауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізіміне енгізілген.

Caterpillar Inc. – АҚШ-тың әлем бойынша құрылыс және өндірістік заттар шығаратын ірі компаниясы. Ал IBM – америкалық компания. Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етумен, ақпараттық технологиялық қызмет көрсетумен айналысады.