00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алдағы екі жылда қандай коллекциялық монеталар шығады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алдағы екі жылда қандай коллекциялық монеталар шығады

“Ұлттық банк 2022-2023 жылдары шығатын ұлттық валютадағы коллекциялық монеталардың тақырыбын бекітті. Алдағы екі жылда біз «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар», «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары», «Қазақстанның флорасы мен фаунасы», «Дала қазынасы», «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері», «Сиқырлы нышандар», «Банкноттардағы портреттер», «Қазақстан халқының ертегілері», «Қазақстанның қалалары» серияларын жалғастырамыз”, - дейді маман. 

Сипаты таныс бұл монеталар сериясынан бөлек жаңа сериялар да шығарылмақ, ол – «Жаратылыс сырлары» мен «Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» сериялары. «Жаратылыс сырлары» атты жаңа серия көне өркениеттің көзімен (тәңіршілдік, үнді, қытай, мысыр өркениеттері және т.б) әлем қандай болғанын айқындамақ. Бұл серия аясында пазл түріндегі бірегей құрастыру технологиясының көмегімен тантал мен күмістен жасалатын екі компонентті монеталар шығарылады. Яғни, монетаның танталдан жасалған жағында көне өркениеттің элементтері, ал, күмістен құйылған жағында қазіргі заманның көріністері бейнеленеді. Ең бірінші болып «Тәңірлік таным» мен «Үнділік таным» атты монеталар жарыққа шығады.  

“Ал, «Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты жаңа серия әлемдік қауымдастыққа еліміздің, соның ішінде, заманауи мәдениет, өнер, спорт салаларындағы жетістіктерін паш етеді. Монеталарды жасаған кезде жастар арасындағы қазіргі трендтерден бастап, бірегей табиғи орындарымызға дейінгі әртүрлі тақырыптар қамтылады”, - деді ол.

2022 жылы «Сақтар стилі» жаңа сериясынан номиналы 100 теңгелік циркуляциялық монеталардың 5 түрі 5 млн данамен айналымға түседі. Сондай-ақ, «Барыс ілбіс» (2022 жылы) пен «Балқаш жолбарысы» (2023 жылы) бейнеленген «Табиғатты аялайық» атты коллекциялық блистерлік жинақтар шығады деген де жоспар бар. Олар 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 және 200 теңгелік номиналмен 8 циркуляциялық монета болып және 30 000 данамен шығады.