Елордалық балалар жаңажылдық іс-шарада ерекше шаттыққа бөленді
М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға және оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балаларға жаңа жылдық сыйлықты әрқайсысына арнайы табыстау мақсатында экспресс-эстафета «Жаңажылдық сапар» өтті.
Дәстүр бойынша шектеу шараларын ескере отырып, жаңа жылдық сыйлықтарды беру эстафетасын елорданың бас Аяз Атасы мен Ақшақары, ертегі кейіпкерлері Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары: «Лим-по-по» жас актер үлгілі театры және «Эдельвейс» үлгілі заманауи би студиясының өнерпаздарының қатысуымен өтті. Жаңажылдық сыйлықтарды беру эстафетасын Аяз Ата мен Ақшақар Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының нышаны ретінде елордалық әкелер кеңесінің мүшелері 30 Аяз ағайындының көмегімен жүзеге асырды.
Сыйлық алған бүлдіршіндердің жүзінен олардың ерекше мәз-мейрам болғанын аңғару қиын емес еді. Олар Аяз ата мен Ақшақарға таңдана қараса да, олармен бірге би билеп, ән әйтты.
Әсем қаламыздың қарлы көшелерімен зулаған Аяз-Айлары: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан Аяз аталары мен Ақшақарларынан құралған жаңажылдық рейс Жаңа жылдың басты кейіпкерлерін күтіп, оларға өздерінің арнайы әні мен биін, тамаша өнерлерін дайындаған елорданың ұлдары мен қыздарына жаңажылдық сыйлықтарды табыс етті.