00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Зейнетақы жинағына үй алғандардың көбі екінші, үшінші пәтерін сатып алған

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Зейнетақы жинағына үй алғандардың көбі екінші, үшінші пәтерін сатып алған

«Өз ақшасын зейнетақы қорында қалдырғандар да дұрыс шешім қабылдады деп ойлаймын. Әр адамның жағдайына жеке-дара қарау керек. Егер бұл сіздің алғашқы баспанаңыз болса, әрине, оны сатып алу қажет болды. Бірақ салымшыларымыздың жас ерекшеліктеріне қарап, басым бөлігі екінші немесе үшінші пәтер алғанын көрдік. Толық төлем жасаған салымшылардың көпшілігі 45 жастан асқан. Дегенмен, олардың көбіне инвестициялық басқаруға беру, зейнетақы аннуитетін сатып алу опциясын пайдалану керек еді деп есептеймін», – деді Ләззат Ибрагимова.

Сонымен бірге, спикердің айтуынша, бұл бағдарлама қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы ақшасы толық сақталғанын көрсетті.

«Өте көп сын айтылып жатыр. Кейбірі ақша жоқ, барлығы бағалы қағаздарда деп жазды. Шын мәнінде барлық қаражат сақтаулы тұр. Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – заң бойынша ақшаның сақталуына мемлекеттік кепілдігі бар жалғыз мемлекеттік мекеме. Сондай-ақ, бұл ресми түрде жалақы алудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. 2000 жылдардың басында тіпті аз жалақы алған барлық азаматтар да айтарлықтай үлкен инвестициялық табыс алды», – дейді Л. Ибраимова.