Түркістан облысында бір мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетілді
Облыстағы кәсіпкерлік саласына жауапты мамандардың хабарлауынша, жыл басынан бері 10 айда кәсіпкерлердің банктердегі несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы 1094 кәсіпкер 6 пайызбен 49,2 миллиард теңгеге несиеленген. Ал несиелерді 85 пайызға дейін мемлекеттік кепілдендіру арқылы 904 кәсіпкердің 10 миллиард теңге тұратын несиелері кепілдендіріліпті.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы үш негізгі бағыттан тұрады. Олар – моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау, өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге/индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне салалық қолдау экономиканың басым секторлары, кәсіпкерлікті қолдау үшін қаржылық емес шараларды ұсыну.
Осы үш бағыт бойынша «ӨДҚ» АҚ-ы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган айқындаған, экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және жоспарлайтын кәсіпкерлер үшін «ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» құралының операторы болып табылады.
Бұл бағдарламаны ҚР Үкіметі 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысы бекіткен болатын. Басты мақсат – өңірлік кәсіпкерлікті дамыту және тұрақты жұмыс орындарын құру. 2020-2024 жылдар аралығында іске асырылатын бағдарлама тұрақты және теңгерімді қамтамасыз етеді. Бағдарламаға шағын кәсіп иесі, оның ішінде кәсібін енді бастаушылар мен жас бизнесмендер, әйелдер, мүгедектігі бар азаматтар, 50 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Аталған мәртебедегі азаматтар көрсетілген шартқа сәйкес келетін бір инновациялық бизнес-жоба ұсынуы керек.
Соңғы өзгерістерге байланысты «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша несие көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Енді субсидиялау мерзімі 5 жылды құрайды. Бұған дейін мемлекеттік бағдарламаның шарттары бойынша кәсіпкерлерге мерзімі 4 жылдан аспайтын несиелерге қайта қаржыландыру мүмкіндігі берілетін. Сөйтіп, енгізілген өзгерістердің арқасында кәсіпкерлер берілген мерзімі 8 жылдан аспайтын несиелерді қайта қаржыландыру мүмкіндігіне ие.
Жаңа өзгерістер кәсіпкерлерге несиелер бойынша қарыз ауыртпалығын жеңілдетуде тиімді қолдау шарасы болғаны анық. Бизнес өкілдері займдарға қызмет көрсету бойынша шарттарды жақсарту мақсатында екінші деңгейлі банктерге жүгіне алады. Айта кету керек, кәсіпкерлердің несиелері мемлекеттік бағдарлама шарттарына сәйкес келуі керек.
2020 жылы тамыз айында енген өзгеріске сәйкес «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының бірінші бағытының қатысушылары болып шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері табылады. Несиелендіру, салалық шектеуі жоқ инвестициялық мақсатқа және қаражат айналымын толықтыруға арналған несие/микронесие/қаржыландыру бойынша іске асырылады.
Кәсіпкерлерге берілетін несиенің максималды сомасы айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін, субсидиялау мерзімі екі жылға дейін, сонымен қоса несие жаңартылатын немесе жаңартылмайтын негізде ұсынылады. Инвестициялық мақсатта қарыздың шекті сомасы 20 миллион теңгеге дейін, субсидиялау мерзімі үш жылды құрайды. Бір қарыз алушыға шекті сома 20 млн теңге. «Даму» қорының кепілдік мөлшері қарыз сомасының 85%.
Номиналдық сыйақы мөлшерлемесі ҚР Ұлттық банкімен құрылған сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 8,5% ұлғайтылған, кәсіпкерге несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% құрайды. Ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Қосымша сыйақы мөлшерлемесін портфельдік субсидиялау «Бастау» жобасының түлектерінің микронесиелендіру бойынша жүзеге асырылады.