Қазақстанда пәтер қымбаттап жатыр
OLX.kz сарапшыларының биылғы үш тоқсанда Қазақстанда тұрғын үйді сату және жалға беру бойынша ұсыныстар мен сұраныстың жалпы көлеміне жүргізген талдауына сүйенсек, аталмыш нарықта барлық санат бойынша өсім байқалған. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жылжымайтын мүлік нарығы орташа есеппен 14%-ға өскен.
Сондай-ақ барлық санат бойынша бір шаршы метрдің бағасы орташа есеппен 28%-ға артқан.
Жалпы Қазақстан бойынша жылжымайтын мүлік айтайлықтай қымбаттаған. Биыл үш тоқсанда былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда "пәтер" санатында сату нарығы артқан, ел бойынша өсім 20%-ды құрайды. Жер учаскелерін сату нарығындағы өсім 9%-ға тең.
Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға берілген мүмкіндік салаға оң әсерін тигізген болуы ықтимал. Оған сұраныстың өсуі де дәлел: 2021 жылы OLX.kz-те жылжымайтын мүлік іздегендердің жалпы саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 30%-ға өскен. Сондай-ақ 2 жыл қатарынан барлық санат бойынша (үй, пәтер, жер учаскесі, коммерциялық жылжымайтын мүлік) жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрінің бағасы өсуде. Мұндай жағдайды Қазақстанның барлық ірі қаласынан байқауға болады. Тек Алматыдағы коммерциялық үй-жайлардың бағасы былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 27%-ға төмендеген. Бұл алматылықтардың қашықтан жұмыс істеуімен байланысты.
Жер үйлер санатына келсек, 2020 жылмен салыстырғанда мұнда бір шаршы метрдің бағасы Қарағандыда айтарлық көтерілген (48% немесе 148 936 теңге). Ең қымбат үйлер Алматы (бір шаршы метрі – 200 000 теңге) мен Шымкентте (бір шаршы метрі – 178 200 теңге), ал ең арзан үй Өскеменде (бір шаршы метрі – 83 333 теңге).
"Пәтер" санаты бойынша ең жоғары баға Алматыда – 406 636 теңге (бір шаршы метрі). Бұдан кейін тізімде Нұр-Сұлтан тұр: 333 333 теңге (бір шаршы метрі). Ең арзанға баға Қызылордада – 150 000 теңге (бір шаршы метрі). Пәтердің бір шаршы метрінің бағасы Түркістанда айтарлықтай өскен (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 40%), ал екінші жыл қатарынан Нұр-Сұлтанда пәтер бағасы тұрақты болып саналады: пәтердің бір шаршы метрінің бағасы 8% көтерілген.
Жаңадан салынған тұрғын үйлер санаты бойынша, бір шаршы метрдің орташа бағасы 265 152 теңге болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға жоғары.
Бұрын пайдалануға берілген үйлер нарығында бір шаршы метрдің орташа бағасы – 240 000 теңге, өсім – 23%.
"Жер учаскесі" санатында ең жоғары өсім динамикасы Қарағанды және Түркістан қалаларында байқалды: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 66% және 41%. Сондай-ақ Түркістанда 1 сотық жердің құны – 637 500 теңге. Бұл Қазақстан бойынға ең жоғары баға болып саналады. Өскеменде 1 сотық жердің бағасы – 116 667 теңге.
"Коммерциялық үй-жайлар" санатында Алматыны есепке алмағанда ел бойынша бағаның өсуі тіркелген. Коммерциялық үй-жайлардың бір шаршы метрінің бағасы Қарағандыда айтарлықтай өскен (өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда +74). Жалпы коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығындағы баға басқа санаттарға қарағанда тез өсіп жатыр. Қазақстан бойынша орташа өсім – 37%. Жалға берілетін пәтерлер Жалға берілетін тұрғын үй нарығына тоқталайық. Мұнда ұсыныс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%, сұраныс 29% өскен. Жалға берілетін тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы төмендеген – 2 239 теңге (бір шаршы метрі), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% төмен. Түркістанда жалға берілетін тұрғын үй қымбат, ал Семейде арзан.