00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тоқаев түркі елдері басшыларын су мен азық-түлік мәселесін берлесе шешуге шақырды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тоқаев түркі елдері басшыларын су мен азық-түлік мәселесін берлесе шешуге шақырды

«Бүгінде барша адамзат жаһандық жылыну үдерісіне алаңдап отыр. Халықаралық қауымдастық осыған байланысты шұғыл шаралар қабылдауға мүдделі. Қазір су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Біз бидай егіп, ұн өндіретін ең ірі он елдің санатына кіреміз. Жыл сайын сыртқы нарыққа 7 миллион тоннаға дейін бидай шығарамыз», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан – Орталық Азиядағы астық экспорттайтын бірден-бір мемлекет. Алайда еліміздегі бидай өнімінің азаюына жол бермеу және бүкіл аймақтың азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндірмеу үшін трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану керек.

«Бұл – өте маңызды міндет. Түптеп келгенде, осындай шаралар біздің елдеріміздің өсіп-өркендеуіне тікелей ықпал етеді. Сондықтан өздеріңізбен бірлесіп, гидроқұрылымдар салуға дайынбыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, осы жиын барысында «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі» атауы «Түркі мемлекеттері ұйымы» деп өзгерді.