00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Аңшылық маусымы ашылған Арқада арқардың саны артып келеді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Аңшылық маусымы ашылған Арқада арқардың саны артып келеді

Бір жарым жасар қос арқардың құны шамамен 700 мың теңге. Зообақ мамандары қызыл кітапқа енген жануарларға Аладдин және Жасмин деп ат қойыпты. Бес күн жүріп келген арқарлардың жағдайы жақсы, бірден жерсініп кеткен. Енді көктемде екі түйе жеткізілмек.

Бұдан бөлек, Қарағанды облысында күзгі-қысқы аң аулау маусымы да басталып, жергілікті Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жануарларды аулау ережесін түсіндірді. Айтуларынша, Қарағанды облысында терісі бағалы аңдарды аулау маусымы 15 ақпанға дейін жалғасады.

«Қазір Қарағанды облысының аумағында 139 аңшылық шаруашылығы бар. Оның 106-сы аңшылық пайдаланушыларға бекітілген, ал 33-і уәкілетті органмен өзгеше белгіленбесе, аумағында аң аулауға тыйым салынған резервтік қорда. Жануарлардың жасы мен түрлеріне сәйкес аң аулауды жүзеге асыруды, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің тіршілік ету ортасын сақтау және жақсарту мақсатында жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауды сұраймыз», - деп атап өтті басқармадағылар.

Бұл ретте аң аулау, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін түрлерін жою ережелері сақталмаған жағдайда заң бұзушылар браконьерлік үшін жауапқа тартылатын болады. Ал Қарағанды облысында арқарлар негізінен Қарқаралы, Бұқар жырау, Осакаров, Ақтоғай және Шет аудандарында жүр. Оларды авиациялық санау мен жалпы санына мониторинг жасау 10 жылдан бері ұдайы жүргізіліп келеді. Санақ нәтижесі көрсеткендей, 2019 жылы Қарағанды облысын мекен еткен арқарлардың саны 7275 басқа жеткен. Оның алдындағы жылдармен салыстарғанда, аңның бұл түрі ұдайы өсіп келеді екен. Мысалы, 2017 жылы 6968 бас болса, 2018 жылы 7184 басқа жеткен. Өкінішке қарай, олардың басты жауы төрт аяқты қасқыр емес, екі аяқты «жыртқыштар» болып тұр.

Еске сала кетсек, аңшылық маусымы алдымен Павлодар облысында ашылған болатын.