Бүгін ел аумағында күн ашық болғанмен, ептеп жел күшейеді
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, оңтүстік-батысында және оңтүстік шығыстың таулы аудандарына тұман түседі.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, оңтүстік-батысында жылдамдығы 25 м/с-ке жетеді.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің күшеюі сақталады: 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарына тұман түсуі ықтимал.
Алматы облысының Алакөл көлдері аудандарында желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ке жетеді.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен орталығына, Маңғыстау облысына тұман түседі. Күндіз Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік батысында жел тұрады, екпіні – 15-20 м/с.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік батысында желдің күші 15-20 м/с болады.