Еурокомиссия әлемдегі ормандарды қорғауға 1 млрд еуро бөледі
Еуро Одақтың бюджетінен бөлінетін 5 жылдық қолдау пакеті бүкіл әлемдегі ормандарды қорғауға, қалпына келтіруге және тұрақты басқаруға, сондай-ақ Париж келісімінің ережелерін орындауға көмектеспек.
«Орман – «Жердің жасыл өкпесі». Біз оларды қорғап, қалпына келтіруіміз керек. Мен әлемдік ормандарды қорғауға 1 млрд еуро бөлуге міндеттенетінімізді қуана жариялаймын. Бұл – ЕО-ның «Жасыл келісімге» сәйкес планетамызды қорғауға бағытталған жаһандық өзгерістерге жетекшілік ету жөніндегі міндеттемесінің белгісі, - деп мәлімдеді комиссия президенті.
Еуропалық Одақ өзінің экожүйесі бар ерекше аумақ - Конго өзенінің бассейніне ерекше назар аударды. Мәлімделген 1 млрд еуроның 250 млн-ы көмек пакеті шеңберінде Конго өзені бассейніндегі экологиялық мақсаттарға бағытталатын болды.
Қаржылық міндеттеме – Еуропалық Комиссияның Глазго қаласындағы саммитте халықаралық қоғамдастық қабылдаған Ормандар жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосқан үлесі.