00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Kaspi Украинаның БТА банкін сатып алды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Kaspi Украинаның БТА банкін сатып алды

Құжатқа сәйкес, Украинадағы банк лицензиясы Kaspi-ге мобильді әмияндарды, шоттарды іске қосуға және тұтынушыларға төлемдер мен қаржы өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді.

"Ұсынылған сатып алу шешімі Kaspi.kz-ке айтарлықтай қаржылық әсер етпейді.  Банк лицензиясы мен Portmone төлем лицензияларының көмегімен біз Super App (супер-қосымша) стратегиясын Украинада қайталауға бел  будық", – делінген хабарламада.

Kaspi Украина орта мерзімді перспективада IT-таланттардың маңызды көзі және компанияны дамыту орталығы бола алады деп санайды. Елде 42 миллион халық өмір сүреді. Украиндықтар көбіне қолма-қол ақшаны пайдаланады (44%). Ал электрондық ақша айналымы төмен деңгейде (бөлшек сауданың 8% - ы), сондай-ақ тұтынушылық несие берумен қамтамасыз етілмеуі (ЖІӨ-нің 4,5% - дан кемі) байқалады. 

Шілдеде Kaspi.kz украиндық Portmone төлем сервисін сатып алудан сыртқы нарыққа экспансияны бастады деп хабарлаған еді. Қазақстанда да, Украинада да нарық қатысушылары мәмілені $10-15 млн-ға бағалады, ал кейбіреулері $20 млн – ға жақын деп топшалады.

Portmone Group – Украинадағы төлемдер мен ақша аударымдары қызметтерін іске асырушы. Бұл қызмет арқылы коммуналдық төлемдерді үйден шықпай төлеуге, картадан картаға ақша аударуға, ұялы телефон шотын толтыруға және басқа да қаржылық қызметтерді пайдалануға болады.

Kaspi pay еншілес компаниясы 8 қазанда украиналық төлем компаниясының 100% - ын сатып алу аяқталғанын жариялады.

"Portmone компаниясын сатып алу Украинада Visa және Mastercard төлемдерін жүргізуге және аккредиттеуге арналған лицензия. 2021 жылы Portmone Group-тың Kaspi.kz -пен алмасуы қаржылық нәтижелерге айтарлықтай әсер етпейді деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Kaspi.kz – қазақстандық қаржылық компания. Акционерлер тізіміне сәйкес 27,66%-ы  Baring Vostok қорларына, 23,25%-ы Вячеслав Кимге, 22,44% - ы Михаил Ломтадзеге тиесілі. Компанияның 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі қаржы есебінің деректері бойынша Kaspi 298 млрд теңгеге жуық таза пайда тапқан. 2020 жылдың ұқсас кезеңіндегі табысы 184,4 млрд теңге. 2021 жылдың үш тоқсанындағы көрсеткіш 1,6 есе өсті.