00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған үйді өндіріп алуға тыйым салынатын болды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған үйді өндіріп алуға тыйым салынатын болды

Бұл туралы мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасова айтты. Заңнамалық түзетулерді Әділет министрлігі енгізбек.

– Қазіргі уақытта кепіл мүлкін, оның ішінде жылжымайтын мүлікті сату рәсімдері жылжымайтын мүлік ипотекасы және атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамалық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және ҚР Азаматтық процестік кодексімен регламенттелген. Кепіл мүлкін өткізудің қолданыстағы практикасына жүргізілген талдау өткізу рәсіміне және сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын қазіргі талаптар аукционның ашықтығын және өткізілетін мүлікке баға белгілеудің объективтілігін қамтамасыз етпейтінін көрсетті, – дейді Мәдина Әбілқасова.

Қазіргі таңда ҚР Әділет министрлігі тиісті түзетулерді одан әрі осы жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу үшін 2021 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесіне енгізген.