ДДСҰ: Пандемия 2022 жылы да жалғасуы мүмкін
Ұйымның бас директорының аға кеңесшісі Брюс Эйлвардтың айтуынша, бүгінгі таңда әлемдегі кедей елдерге вакцина жетпей жатыр. ДДСҰ өкілі дамыған елдер ең кедей аймақтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін орындамайтынын айтты.
«Жеңе алмайтынымызды сенімді түрде айта аламын. Сондықтан вакцинациялауды барынша жеделдетуіміз керек. Әйтпесе не болатынын білесіз бе? Пандемия аяқталуы керек уақыттан созылып кетеді», – деп түсіндірді Брюс Эйлвард.
Сарапшының айтуынша, әлемнің көптеген елдерінде тұрғындардың 40 пайызға жуығы немесе одан да көбі вакцина алған. Бірақ Африка құрлығында қазір халықтың 5 пайыздан азы ғана коронавирусқа қарсы екпе салдырған.
Сондықтан, ол бай елдерді фармацевтикалық компаниялар табысы төмен елдерге басымдық бере алатындай етіп вакцина кезегінен бас тартуға шақырды.