Қазақстанда жаңа мереке пайда болады
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Палата Ұлттық экономика министрлігі Үкімет қаулысының жобасын әзірлеуге кіріскенін хабарлады. Оны бекіткен соң күнтізбеде жаңа мереке пайда болады. Яғни, 9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлерінің күні болып бекітілмек.
Кәсіпкерлер палатасы тамыз айында ресми кәсіби мерекені құру идеясымен Үкіметке жүгінген болатын.
«Мереке табысқа жеткен, адамдарды жұмыспен қамтып, көмек көрсетуге талпынған кәсіп иелеріне алғыс пен құрмет білдіруге арналған», – деп атап өтті ҰКП-да.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл мереке АҚШ, Үндістан, ҚХР, Ресей, Беларусь, Украина, Әзірбайжан, Қырғызстан, Арменияда атап өтіледі. Сонымен қатар, екі халықаралық мереке бар: 15 сәуір - Халықаралық кәсіпкерлер күні және 21 тамыз - Дүниежүзілік кәсіпкерлер күні.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді