00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық кәсіпкерлер өз ақшасын көбіне қай банкте сақтайды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық кәсіпкерлер өз ақшасын көбіне қай банкте сақтайды

Қазақстандағы 22 екінші деңгейлі банктің 9-ы ғана оң нәтиже көрсеткен. Әзірге абсолют көшбасшы Jusan Bank (+34,9%; 633,2 млрд теңге) болып тұр. Қаржы институтының барлық салымының жиынтық портфелі бір айда 14,8%-ға немесе 1,07 трлн теңгеге дейін өскен. Банк салымдарының портфелі тұтастай тепе-тең: бизнес депозитінің үлесі 59,3% болса, қалғаны бөлшек саудаға тиесілі. 

Сондай-ақ Jusan Bank ықпал ету аясын кеңейтіп жатыр. Мысалы, биыл 6 қыркүйекте ол АТФБанкті өзіне қосу процесін аяқтады, ал 17 қыркүйекте Jusan тобы ресейлік АТБ – Азия-Тынық мұхиты банкінің 100% акциясын, кейін Kcell-дің бақыланбайтын акция пакетін сатып алды. Осылайша банк клиенттерінің арасында бедел жинап, корпоративті секторда да, халық арасында да қаржы институтына деген сенімді арттырды.

Үздік үштікке айлық өсім бойынша Al Hilal Ислам Банкі (плюс 28%, 16,7 млрд теңге) мен Шинхан Банк Қазақстан (плюс 19,2%, 50,3 млрд теңге) енді. 

Корпоративті салымдар сақталған банктердің үздік ондығын қарайтын болсақ, мұнда көшбасшы тізіміне ForteBank (плюс 7,8%, 1,04 трлн теңге) пен Сбербанк (плюс 5,3%, 1,49 трлн теңге) кіреді.

Жыл басынан бері қазақстандық банктердегі бизнес салымдары 13,5%-ға, ал бір жылда (2020 жылғы тамыз айымен салыстырғанда) 21,9%-ға өскен.

Екінші деңгейлі банктердегі салымдардың жиынтық портфеліндегі заңды тұлғалар депозитінің үлесі – 49,2%. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш аздап өзгерді. Мәселен, бір жыл бұрын портфельдегі корпоративті салымдар үлесі – 49,3%, 2019 жылы – 47,5%, 2018 жылы – 48,5% болған. Ал 10 жыл бұрын, 2011 жылғы тамызда бұл көрсеткіш 66% еді.