2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты іске қосылады
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ҚР ҰЭМ мәліметінше, жобаның «Мұнай-газ химиясы кешенін дамыту» бағыты бойынша сыртқы сұранысты қанағаттандыру үшін ірі жоғары технологиялық мұнай-газ химиясы өндірістері енгізіледі.
Осыған орағай, 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі.
Олар:
- Полипропилен өндірісі;
- Бензин мен полипропиленге арналған қоспа өндірісі;
- Метанол өндірісі;
- Полиэтилентерефталат өндірісі;
- Қашаған кен орны шикізаты базасындағы газ өңдеу зауыты.
«Нәтижесінде мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 360 мыңнан 2 млн тоннаға дейін 5 есеге ұлғаяды. Сондай-ақ экспорт 9 есеге (0,15-тен 1,4 млрд. доллар) өседі», делінген министрлік хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді