00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Уайымдаудың қажеті жоқ»: елорда әкімі Талдыкөл мәселесіне тоқталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Уайымдаудың қажеті жоқ»: елорда әкімі Талдыкөл мәселесіне тоқталды

“Біріншіден, көлдерді шатастырмауымыз керек. Талдыкөл деп отырғанымыз – үлкен көл, қалған кішігірім сулар – көл емес. Олар неден пайда болған? Олар кезінде нөсер жаңбырдан кәріз желілерімен барып аққан сулар. Үлкен Талдыкөлдің суы соңғы жылдары қатты азайған. Мысалы, осыдан бес-алты жыл бұрын онда 50 млн текше метр су болса, қазір небәрі 8 млн текше метр су қалды. Неге? Өйткені ол жерге кәріз желілерімен келген суды фильтрлеп, тазалап, әрі қарай өзенге жіберіп отырды. Біз осы көлді алып қалуымыз керек. Ешқандай құрылыс салмаймыз. Тек айналасын абаттандырып, жанына жаяу жүргіншілер жолын салып, құтқарып қала аламыз”, – деді елорда әкімі.

Әкімнің сөзінше, соңғы уақыттары жұртшылық жиі айтып жүрген, кейбір сирек кездесетін құстар мекендеп жатқан көлшік суы да тартылып барады.

“Кіші көлдерді айтатын болсақ, осыдан бес-алты жылдай уақыт бұрын оның тереңдігі 1 метрдей болса, қазір 20-30 сантиметр ғана. Біз сол суды сақтап қалғымыз келеді. Қазір оның айналасындағы өсімдік атаулы қурап қалған, иіс те шығады. Біз осы кемшіліктерді түзеп, шет-шетін дұрыстап, көлшікті тереңдетеміз. Сөйтіп оны сақтап қаламыз. Оған азаматтарымызға уайымдаудың қажеті жоқ”, – деді қала басшысы.