Қазақстан бидай мен ұнды ауған нарығына қайта шығара бастады
Жыл сайын Қазақстан әлемнің түрлі елдеріне экспортқа 7-8 млн тонна астық пен ұн жібереді. 2020 жылы Ауғанстанға ҚР-да өндірілген 2 млн тоннадан астам астық пен астық эквивалентіндегі ұн жөнелтілді.
QazTrade деректері бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін 300 ұн экспорттаушының 183-і өзге нарықпен және ауған нарығымен де өзара іс-қимыл жасауда. Тағы 49-ы тек Ауғанстанға жүк жөнелтумен айнлысады. Экспорттаушылардың жолға қойылған көлік дәліздері мен жаңа билік кезінде де жұмысын жалғастырып жатқан бизнес-байланыстары бар. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Солтүстік Ауған провинциялары – Балх, Бағлан, Тахар және Құндыз, сондай-ақ астаналық аймақ және Қабул қаласы пайдаланатынын айта кету керек.
Ауғанстандағы саяси ахуалдың өзгеруі шынымен де барлық әріптес елдермен, оның ішінде Қазақстанмен сауда операцияларының тоқтатыла тұруына алып келді. Біраз уақыт бойы банкаралық транзакциялар мен теміржол вагондарын жеткізу мүмкін болмады, өйткені иелері олардың саұталуы мен қайтарылуы үшін қорықты. Алайда, қазіргі уақытта проблемалар шешілді: транзакциялар үшінші елдердің банктері арқылы жүзеге асырылады, вагондарды жөнелту қалпына келтірілді.
Қыркүйек пен қазан айының басында Қазақстаннан Ауғанстанға 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелтілді. Кейін жеткізу қарқыны артатын болады.
Экспорттық баждарды енгізуге келетін болсақ, бұл мәселе бұрын талқыланған-ды, бірақ Мемлекет басшысы биылғы қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысына сапары кезінде бұл шаралардың уақытынан бұрын жасалғаны туралы пікір білдірді.
Бұл ретте ұн тартушылар үшін өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында тиісті жағдайлар жасалатын болады. Мысалы, экспорт кезінде ҚҚС-ты жедел қайтару, өңделген өнімді тасымалдауға мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.
Экспортқа шектеулер енгізу табиғи жағдайларға байланысты өткен жылмен салыстырғанда төмен өнім алған фермерлердің қаржылық жағдайына әсер ететіндігін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, аграрийлер шындығында өнімділікті арттыру бойынша жұмысты күшейтуілері тиіс. Бұл ауыспалы егісті сақтау, тыңайтқыштарды енгізу көлемін арттыру және заманауи технологияларды енгізу. Тиісті қолдау шаралары Үкімет жақында мақұлдаған 2021-2025 жылдарға арналған АӨК-ті дамыту жөніндегі Ұлттық жобада көзделген.