00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Электронды үкіметті дамыту бойынша Қазақстан Ресейден 7 орынға алда тұр

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Электронды үкіметті дамыту бойынша Қазақстан Ресейден 7 орынға алда тұр

“Электронды үкіметті” дамыту бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан жақсы көрсеткіш көрсетіп келеді. Мысалы, 2020 жылы біздің ел 10 сатыға көтеріліп, 29-орынға тұрақтаған. Ал көршілес Ресей болса 4 сатыға құлдилап, 36-орынды иеленді. Осылайша ол бізден 7 орынға артта тұр.

Қазіргі таңда Қазақстанда “электронды үкіметтің” дамуына тікелей жауапты мемлекеттік компаниялар мен органдар бар. Оның ішінде:

  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
  • “Зерде” ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі” АҚ;
  • “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ;
  • “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы;
  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті секілді ұйымдарды атап өтуге болады. 

Еліміздің 2021-2023 жылдарға арналған республкиалық бюджетінде “электронды үкіметті” дамыту үшін биылға – 79 млрд теңге, келер жылға – 62,8 млрд теңге, 2023 жылға 42,5 млрд теңге бөлінген.