Сегіз айда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестиция 100 млрд теңгеден асып кетті
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестиция қаңтар-тамыз айлары аралығында 107,8 миллиард теңгеге жетті. Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16,5%-ке көп. Мамандардың айтуынша, инвестиция көлемі соңғы бес жылдан бері айтарлықтай өскен.
Бұл қаражаттың тең жартысына жуығы Жамбыл (38,8 миллиард теңге) және Ақтөбе (16 миллиард теңге) облыстарына тиесілі.
Сондай-ақ, инвестицияның жоғары көрсеткіші Нұр-Сұлтан (11,3 миллиард теңге) мен Атырау облысында (10,9 миллиард теңге) байқалды.
Ал ең аз қаржы Алматы мен Түркістан облысына, әрқайсына 0,5 миллиард теңгеден бөлінген.
Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоршаған ортаны қорғауға қанша қаржы бөлінгені бойынша ақпарат жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
22 қараша, 2024
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді