00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық шенеуніктердің шетелде қанша үйі бар

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық шенеуніктердің шетелде қанша үйі бар

Биыл жалпы бірдей декларациялаудың алғашқы кезеңі басталды. Оның барысында мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайы, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар мен олардың жұбайы өз табысын декларациялауы тиіс. 

Мемлекеттік қызметкерлер өз есепшотын көбіне АҚШ, Швейцария және Ресей банктерінде ашқан. 494 азаматтың 26 елде жылжыимайтын мүлкі бар. Соның ішінде қазақстандықтар Ресейде – 436, БАӘ-де – 44, Түркияда – 38 нысанды сатып алған. Сондай-ақ 1030 азамат 49 елде тіркелген 1198 көлікке иелік етеді. 

«Бұл санаттағы азаматтардың 99,9%-ы салық есептілігін электронды түрде ұсынған. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, олардың жұбайлары активтері мен міндеттемелері туралы «кіріс»  декларациясын екінші  кезекте тапсырады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларациялаумен бизнес өкілдері, яғни заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) жұбайларымен қамтылады», – деді спикер.

Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қазақстандық декларация тапсыруы керек. 

Декларацияда:

  • шет мемлекетте тіркелген не тіркеуге жататын жылжымайтын мүлкін, көлігін;
  • Қазақстаннан тыс жердегі шетелдік банктерде жатқан 1000 еселенген АЕК-тен асатын сомадағы ақшасын;
  • тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесін;
  • Қазақстаннан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
  • бағалы қағаздарын көрсету қажет.