00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Макарон өнімдері қай өңірлерде қымбаттады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Макарон өнімдері қай өңірлерде қымбаттады

Өңірлер бойынша қарастырсақ, саладағы ең көп өндіріс көлемі Шымкентке тиесілі: мұнда сегіз ай ішінде 17,8 мың тонна макарон өнімдері өндірілген (былтырмен салыстырғанда 16,3%-ға аз). Үздік үштік қатарына елорда (16,7 мың тонна; 19,2%-ға аз) мен Батыс Қазақстан облысы (15,1 мың тонна; 1,3%-ға аз) да кіреді.

Аталған сегіз айда отандық компаниялар тұтынушылардың макарон өнімдеріне сұранысын 82,3%-ға қанағаттандырған. Қалған 17,7%-ы импорттың еншісіне тиіп отыр. Жыл басынан бері Қазақстанға 18,9 мың тонна макарон өнімдері әкелінді.

Биылғы тамыз айының қорытындысы бойынша, макарон өнімдерінің бағасы бір айда 1,3%-ға, ал бір жылда 11,1%-ға өскен. Ең қатты қымбатшылық Атырау (22%), Қызылорда (18,4%) және Қарағанды (17,5%) облыстарында тіркелді.

Макарон өнімдерінің ішінде бір жылда кеспе 12,4%-ға, спагетти 11,5%-ға, вермишель 10,9%-ға, түтік кеспе 10,7%-ға қымбаттаған.