Мемлекеттік бюджет кірісі бір жылда 5%-ға артты
Түсімдердің басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 65,6%-ы немесе 5,5 трлн теңге салықтар есебінен болған. Оныі ішінде қосылған құн салығы – 1,5 трлн теңге (бір жылда +24%), корпоративті табыс салығы – 1,3 трлн теңге (бір жылда +35,6%), жеке табыс салығы – 641,3 млрд теңге (бір жылда +17%), әлеуметтік салық – 467,4 млрд теңге (бір жылда +11,8%), акциздер – 254,4 млрд теңге (бір жылда +6%) болды.
Салықтық емес түсімдер жалпы көлемнің 2,3%-ын немесе 197,5 млрд теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 33,7%-ға артық. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 2,6 есе өсіп, 98,9 млрд теңгеге жетті.
Биыл трансферт түсімдері былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 27,6%-ға немесе 2,6 трлн теңгеге төмендеді, трансферт түсімдері кірістер құрылымында 30,9%-ды құрайды.