1 шілдеден бастап автогаз бағасы 20 пайызға қымбаттайды
19 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Фото: caspianlife.kz
Биыл 1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасы 20 пайызға қымбаттайды, деп хабарлады Elorda.info.
Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы бұйрық жобасын дайындаған.
Құжатқа сәйкес, сұйытылған мұнай газының шекті бағасы 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 маусымға дейін қосылған құн салығын (ҚҚС) қоспағанда тоннасына 40 320 теңгені болады. Қазір сұйытылған газдың бағасы – 33 600 теңге.
Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салсақ, сәуір айында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газдың бағасы өсетінін мәлімдеген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:01
Елімізде майлы дақылдар өңделетін зауыт пайдалануға беріледі
Бүгін, 16:13
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
20 қараша, 2024
Президент қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
19 қараша, 2024
Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты жаңа талап енгізеді