Депутаттар жасыл желектерді күтіп-ұстау шығындарын бақылайды


Астана қаласының депутаттары басқармалар мен аудандық әкімдіктердің жасыл желектерді отырғызу және күтіп-ұстау шығындарын ерекше бақылауға алады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл бақтар, саябақтар, жағалаулар және аулаларға қатысты.
«Жауапты органдар енгізіп жатқан шаралар оң нәтиже бермей отыр: суару жүйелері жұмыс істемейді, ағаштар мен бұталар жерсінбейді.
Осы жылдың жазына қарай жаңа тәлімбақтың жобалануы аяқталады, оның ашылуы кейбір мәселелерді шешуге көмектеседі», - деп жазды Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.
Айта кетейік, келесі айдан бастап қаланың алты ауданында депутаттар көшпелі жиналыстар өткізбек. Негізгі тақырып – абаттандыру бағдарламаларының, соның ішінде көгалдандырудың барлық тармақтарының іске асырылуын тексеру.



