«Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы «20 игі іс» акциясына қатысты


Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Тазару күніне және орталықтың 20 жылдығына орайластырылған «20 игі іс» акциясы аясында аумақты қардан тазарту өткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-інде 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқушылықтары бар мүгедек адамдар тұрады. Орталық мүмкіндігі шектеулі жандарға сегіз түрлі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Ақмола облысы Ақкөл ауданында орналасқан орталықта 270-ке жуық адам қызмет етеді.
Бүгін орталық қызметкерлері белсенділік танытып, Тазару күнінде аумақты қардан тазалап, сенбілік өткізді.
Қазіргі уақытта Астана қаласында 38 009 мүгедектігі бар адам тұрады. Оның 2 мыңнан астамы - психоневрологиялық ауытқушылықтары бар, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған жандар.
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына бағынысты мекемелердің бірі – Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ осы психоневрологиялық ауытқушылығы бар адамдарға стационар жағдайында қызмет көрсететін орталық.
Айта кетейік, бүгінгі күнде «Қамқор» орталығында 370 мүгедек адам қызмет алуда. Орталық Ақмола облысы Ақкөл ауданында орналасқан.