00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кепілі

10 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кепілі
Фото-коллаж: Elorda.info

Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы денсаулық саласын дамытудың бағдарламасын жүзеге асырады, деп хабарлады Elorda.info.

 

Орталықтың мақсаты – салауатты өмір салты культін қалыптастыру, халықты толық ақпараттандыру, өмір сүру ортасы мен тұрмыс-тіршілігін сауықтырудың түрлі жобалары мен механизмдерін енгізу арқылы жеке адам мен қоғамның өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру.

Айта кету керек, орталықта денсаулықты қалыптастыруда, сақтауда және нығайтуда халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында түрлі бағыттар бойынша, оның ішінде репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша профилактикалық бағдарламалар енгізілуде.

Отбасын жоспарлау кабинетінің мақсаты – әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, тек дені сау және балаларды дүниеге әкелудің оңтайлы уақытын таңдау, түсік тастау мен ана өлімін азайту.