00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорданың денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланды

20 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорданың денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланды
Фото: Elordainfo.kz

Денсаулық сақтау министрлігі мен Астана қаласы қоғамдық кеңестерінің  елордадағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері бойынша бірлескен жұмыс тақырыбында диалог алаңы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Кеңес отырысында қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Зулфухар Ғайыпов, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алия Рүстемова және мәслихат депутаттары мен бас дәрігерлер қатысты.

Бүгінгі отырыста елордадағы медицина саласының жай-күйі, негізгі проблемалары мен қаржыландыру көзі бойынша  мәселелер талқыланады. Білім, денсаулық және қауіпсіздік салалары өміріміздегі ең басты және қажетті салалардың бірі екені белгілі. Барлығымыз денсаулығымызда мазаласа, дәрігер көмегіне жүгінеміз. Ал медицина саласының дамуы үшін қаржыландыру көзі керек. Азаматтарға тұрақты және сапалы медициналық көмек көрсету өте маңызды. Бүгінгі отырыста елордадағы денсаулық саласының мәселесі жан-жақты талқыланып, әріқарай мәселені шешу жолы бойынша жұмыс жүргізіледі,- деді З.Ғайыпов.

Отырыс барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алия Рүстемова өз баяндамасын ұсынды.

Бүгінгі таңда қаладағы емханалар бір ауысымда 1000 адамға қызмет көрсетеді. Ал жоспар бойынша бір ауысымға қуаты 500 адамға жоспарланған. Емханалардағы кезектің ұзақтығы мен орындардың жетіспеуінен тұрғындар тарапынан шағым бар. Осы мақсатта қалада медициналық нысандар салу жоспарланып отыр. Олардың бірқатарында жұмыс басталып кетті.  Шын мәнінде, бүгінгі күні барлық медициналық ұйымдарда көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем тек жалақы мен салықтарға ғана жетеді. Ал нысанда ағымдағы жөндеу жүргізуе қаражат жетпей жатады. Медициналық ұйымдарды жыл сайын жеткіліксіз қаржыландыру кредиторлық берешектің пайда болуына әкеледі,-деді Басқарма басшысы.

Отырыс барысында елордалық емдец мекемелерінің бірнеше бас дәрігерлер де өз баяндамаларын ұсынып, мәселені шешу жолына қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ  медициналық ұйымдарды қаржыландыру мәселесін шешу бойынша ұсыныс әзірленді.