00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 2 мыңнан астам күрделі ота жасалды

15 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 2 мыңнан астам күрделі ота жасалды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінен

Елімізде 2 мыңнан астам күрделі ота жасалды, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2022  жылы стационарлық деңгейде 800 мыңға жуық операция жүргізілді, оның 2 168-і қымбат жоғары технологиялық санатқа жатады. Қанайналым және жүрек жүйесінің ауруларымен күресу үшін республикада жіті коронарлық синдромы бар науқастарға көмек көрсету үшін 75 инсульт орталығы және 42 тері арқылы коронарлық араласу орталығы жұмыс істейді, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстанда Орталық Азияның алғашқы елдерінің бірінде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ базасында орталық нерв жүйесінің ауруларын емдеудің озық радиохирургиялық әдісі болып табылатын Гамма-пышақ орталығы ашылды. Бұған дейін мұндай пациенттер шетелге жіберілген болатын, бүгінде елімізде осы аппараттың көмегімен 900-ден астам күрделі нейрохирургиялық операциялар жүргізілді.