Автобус апатынан кейін баланың аяғы неге ампутацияланды: министрлік түсіндірді
gov.kz
Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев елордадағы автобус апатынан кейін дәрігерлер жолаушының аяғын не себепті кесуге мәжбүр болғанын түсіндірді.
"Қоғамда кейбір адамдардың баланың аяғын сақтап қалуға қатысты медицина қызметкерлеріне сын айтып жатқаны ақылға қонымсыз. Жол-көлік апаты кезінде баланың аяғындағы тіннің барлығы ыдырап кеткен. Сондықтан аяғын сақтап қалу мүмкін емес еді", - деді Е. Нұрлыбаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Осы орайда ол дәрігерлер бірінші кезекте баланың өмірін сақтап қалу үшін барынша әрекет еткенін айтты.
"Дәрігерлер өз жұмысын өте жақсы орындады. Қазір баланың тірі қалуы да медицина қызметкерлерінің еңбегі деп айтуға болады", - деді вице-министр.
Ұқсас жаңалықтар
23 қазан, 2025
Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан салынды
21 қазан, 2025
ЖИ арқылы медициналық көмектің 14 стандарты іске қосылды – Гүлжан Шайхыбекова
21 қазан, 2025
Елімізде үш жылда 600-ден астам медициналық нысан салынды
20 қазан, 2025
АИТВ туралы ашық сөйлесейік – эпидемиолог
