Астаналықтар МӘМС өкілдерімен кездеседі
8 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
Нұра ауданының әкімдігінде тұрғындармен медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кездесу өткізіледі, деп хабарлады Elorda.info.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері астаналықтарға атқарылған жұмыстар туралы айтып, өзекті мәселелер бойынша кеңес береді.
Кездесу 9 тамызда сағат 15:00-де Қабанбай батыр даңғылы, 33 мекенжайы бойынша өтеді (Нұра ауданы әкімдігінің ғимараты). Кездесуге әрбір астаналық қатыса алады.
Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі елдегі барлық сақтандырылған азаматтарға жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жері мен табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділікке кепілдік береді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:09
Елорда емханаларында Face ID көмегімен пациенттерді қабылдау жүргізіліп жатыр
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады