00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада күн сайын қызылшаның 40-тан астам жағдайы тіркеледі

27 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада күн сайын қызылшаның 40-тан астам жағдайы тіркеледі
Фото: canva.com

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің сөзінше, елордада күн сайын қызылшаның 45-ке жуық жағдайы тіркеледі, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінгі таңда қызылшаның 3 328 бастапқы жағдайы тіркелді, оның ішінде 1 087 жағдай расталған диагноз және оның 71 пайызы (769 жағдай) – 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 11 пайыз (117 жағдай) – жасөспірімдер, 18 пайыз (201 жағдай) – ересектер. 

Науқастар арасында вакцинация алмаған балалардың үлесі әлі де жоғары болып қалуда және ол 67 пайызды құрады (725 жағдай), сонымен қоса 27 пайыз – егу мәртебесі белгісіз ересектер. Екпе алып, кейін ауырып қалған балалардың үлесі тек 6 пайызды құрады. 

Қызылша ауруына шалдыққандардың ішінде 42 пайыз немесе 326  жұқтырған балалар жоспарлы тәртіппен жүргізілетін вакцинациядан бас тартуымен байланысты, 28 пайыз (214) – медициналық қарсы көрсетілімі бойынша, 20 пайыз (149) – егу жасына жетпеген және 5 пайыз ата-аналардың немқұрайлығы себебінен вакцинация алмағандар, - деді қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова.   

Инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар анықталуда, мәселен 14 088 байланыста болған адамның 3 912-сі шұғыл вакцинациялауға жатады. Осылайша, қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болған сәттен бастап алғашқы 72 сағат ішінде вакцинация алмаған адамдарды инфекциядан уақтылы қорғау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында 1 914 адам егілді.

Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін 6 қарашадан бастап қосымша жаппай иммундау шеңберінде қамтылуға жататын 29,5 пайызы немесе 35 754 адам вакцина алды, оның ішінде 6-10 айлық балалар (7 365) – 30,7%, 2-4 жастағы балалар (18 843) – 24,2%; медицина қызметкерлері – 70,7% (4 243) адам егілді. Қосымша иммунизациямен қатар 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау жүргізілуде, оның барысында егу күнтізбесі бойынша уақтылы  егілмеген 5 303 балаға екпе салынды, - деді . 

Айта кетейік, қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация жалғасуда. 12-15 айлық аралығындағы сәбилер санынан қызылшаға қарсы жоспарлы екпемен 92,3 пайыз (22 780 бала) және 6-7 жастағы балалар арасында 92,6 пайыз (22 700 бала) қамтылды.