Астанада емхана қызметкерлері азаматты медициналық ұйымға уақытылы тіркемеген

24 шілде, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада емхана қызметкерлері азаматты медициналық ұйымға уақытылы тіркемеген
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгінгі күні азаматтар бір аумақтан басқа аймаққа көшуіне орай орналасқан жеріндегі медициналық қызмет түрін алуы үшін мемлекеттік емханаға тіркелуі қажет. Заңнамаға сәйкес қызмет көрсетушілер мекемеге жүгінген азаматтардың құжаттарын қабылдау немесе кері қайтару туралы мәселесін қарастыру барысында ұсынылатын құжаттардың мерзімі, тәртібі мен бас тарту негіздерін реттейтін арнайы қағидаларды басшылыққа алуы және осы ережелерді қатаң сақтауы міндетті.

Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» мемлекеттік қызметін алу кезіндегі медициналық қызметкерлердің әрекетіне қатысты шағымы қаралды.

«Шағымда көрсетілген деректерге сәйкес азаматша тұрғылықты жері бойынша емханаға кәмелеттік жасқа жетпеген балаларын тіркеу үшін электрондық үкімет порталы арқылы өтінім жіберген. Алайда, тіркеу жүзеге асырылмаған.

Аталған арыз бойынша департаментпен емханада тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде медициналық ұйым қызметкерлерінің іс-әрекетінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін және қызмет берушінің жұмыс кестесін сақтамағандығы анықталды», - делінген хабарламада.

Заңнамаға сәйкес емделуші алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсететін ұйымға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды.

Осылайша, департаментпен заң талаптарын бұдан әрі бұзылуына жол бермеу мақсатында қызмет берушілерге тиісті шаралар қолдану, оның ішінде жауапты қызметкерлерге құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігі мен қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша ұсыныстар енгізілді.

«Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары егер де, Сіздердің мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, жазбаша түрде департаментке Сарыарқа даңғылы 13, мекенжайы бойынша немесе электрондық түрде Е-Otinish азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және EgovKzBot2.0 Тelegram-бот арқылы «Уәкілетті органға өтініш» бөлімінде жүгіне алатындарыңызды атап өтеміз», - делінген хабарламада.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Астана қаласы бойынша департаменті