Елордада туберкулезбен ауыратындар 30 пайызға төмендеді
Соңғы 5 жылдың ішінде елордада туберкулезбен ауыратындар 29,3 пайызға, ал өлім-жітім 39,3 пайызға төмендеді. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Туберкулездің алдын алу шаралары» тақырыбы бойынша өткен брифингте айтылды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазіргі уақытта азаматтарды профилактикалық флюорографиялық тексеруден өткізу үшін 19 стационарлық және 12 жылжымалы флюорографиялық қондырғы бар.
Астанада 4 аппарат: 3 МСАК ұйымдарында (№4, 5, 7 емханаларда) және 1 қалалық фтизопульмонологиялық орталығында бар. Бұл зерттеу 2 сағаттың ішінде патогеннің болуын анықтап қана қоймай, сонымен қатар дәрілік сәзімталдықтың болуын анықтай алады, яғни емдеудің тиімді схемасын тағайындай алады.
Қала мәслихатының шешімі бойынша 2001 жылдан бастап жүйелі негізде көрсетілетін, амбулаторлық кезеңде ем қабылдайтын туберкулезбен ауыратындарды әлеуметтік қолдау бар. Бұдан бұрын азық-түлік жиынтықтары мен жол жүру карточкалары түрінде көрсетілсе, ал 2019 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап – 10 АЕК мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде беріліп келеді.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарамасы» ММ, ведомствоаралық ұйымдармен 24 ақпан және 24 наурыз аралығында: «Біз туберкулезді жеңе аламыз», «Мы можем победить туберкулез», «Yes. WeCanEnd TB» ұранымен айлық шеңберінде туберкулез мәселелері бойынша бірқатар шаралар өткізілді.