00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ДДСҰ өкілі тағы да пандемия басталуы мүмкін екенін айтты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ДДСҰ өкілі тағы да пандемия басталуы мүмкін екенін айтты

Әлемде құс тұмауы таралып жатыр. Осы орайда ДДСҰ эпидемиологы Ричард Пибоди жаңа пандемияға дайындалуға шақырды, деп хабарлады Elorda.info

El Pais сайтының жазуынша, ДДСҰ өкілі вирустың құстан адамға жұғу қаупін азайтуға мән беру керек екенін айтқан.

Егер мәселе ушықса, вирус адамнан адамға тұрақты түрде таралу қабілетіне ие болады және жаңа пандемия туындауы мүмкін деген алаңдаушылық бар. Біз бұған дайындалуымыз керек, – деді ол.

Сондай-ақ эпидемиолог ғылыми қауымдастық құс тұмауы вирустарының генетикалық тізбегін бақылау және вакциналар жасау үшін зерттеп жатқанын жеткізді.

Маманның айтуына қарағанда, құс тұмауының өршуі екі-үш жыл бұрын А вирусының (H5N1) ерекше түріне байланысты басталған.

Сонымен қатар Ричард Пибоди арам өлген аң-құсты алмауға шақырып, құс фабрикаларының қызметкерлеріне мұқият болуды ұсынды.

Құс тұмауы негізінен құстарда жиі кездеседі, бірақ адамдарға да жұғады.

Құс тұмауы – әдеттегі тұмауға ұқсас белгілері бар респираторлық ауру. Балалар, қарттар және созылмалы аурулары бар адамдар тез жұқтырып алады. Құс тұмауының штамы вирустық пневмония мен жедел респираторлық дистресс синдромын тудырады.