00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Былтыр елордалықтар 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмектермен қамтылды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Былтыр елордалықтар 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмектермен қамтылды

2022 жылы астаналықтар 17 млрд теңгеден астам соманың тегін дәрі-дәрмектерімен қамтылды, деп хабарлады Elorda.info «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Астанада 207 663 пациент 939 274 тегін рецепт бойынша 17, 02 млрд теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді.

Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 3 458 бала және  төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 8 547 бала; Темір жетіспеушілігі анемиясымен - 1 343 бала; Рахит ауруымен 1004 бала; Пневмониямен 2 197 бала; Синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 645 бала, т.б. Біздің сарапшылар медициналық қызметтің қолжетімді болуы және оның сапасының жақсаруы үшін, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді, – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.