00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сенатор: Тіркелмеген дәрі-дәрмектер қауіпті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сенатор: Тіркелмеген дәрі-дәрмектер қауіпті

Тіркелмеген дәрі-дәрмектерді бір реттік рұқсатпен елге кіргізу – қауіпті Бұл туралы сенатор Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, бүгінде фармацевтикалық нарықта бір реттік импорт кеңінен қолданылуда. Алайда оның соңы қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. Депутат дәрі-дәрмек айналымын мұқият қадағалау қажет дейді. Тіркеу құжаты болмағандықтан бұл біржолғы препараттарға шекті баға белгіленбейді. Ақмарал Әлназарова осы мәселеге қатысты премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, қолданыстағы дәрі-дәрмек бағасын реттеу мәселесіне назар аударды.



Мұндай тәжірибе ресми түрде әкелінетін тіркелген препараттарды жеткізушілерді де елеулі қатерге ұшыратып отыр. Бұл жалпы отандық фармацевтика саласының инвестициялық тартымдылығына нұқсан келтіреді. Қос стандарттар адал өндірушілердің сапалы препараттарын нарықтан ығыстырып шығаруына әкеліп соғады, - деді сенатор Ақмарал Әлназарова.