Қазақстанда парацетамол дәрісі тапшы ма
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның қорытынды алқа мәжілісінен кейін БАҚ өкілдеріне елдегі парацетамолдың қоры туралы мәлімет берді, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
Солтүстік өңірлерде парацетамол тапшылығына шағымданушылар көп. Неліктен мұндай тапшылық болып жатыр, - деп сұрады журналист министрден.
Ажар Ғиният бұл мәліметті теріске шығарды.
Бүгінгі таңда парацетамол дәрісінің тапшылығы жоқ. Қазірдің өзінде бүкіл жеке дәріханалардың өзінен тиісті комитет арқылы мөлшерін сұрап, біліп отырмыз. Парацетамолдың өзінің мөлшері немесе парацетамол қосылған әр түрлі дәрілердің түрлері біздің елімізде жеткілікті, - деді Денсаулық сақтау министрі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:09
Елорда емханаларында Face ID көмегімен пациенттерді қабылдау жүргізіліп жатыр
21 қараша, 2024
Сіз дұрыс тамақтанып жүрсіз бе
20 қараша, 2024
Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға 28 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
13 қараша, 2024
Енді Алматыда балалардың күрделі көз аурулары лазердің көмегімен емделетін болады