Еліміздегі қан орталықтарында донор тапшы
Ел бойынша қажеттілік мыңнан астам қан тапсырушы қажет, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, елордадағы травматологияда 200, ал онкологиялық орталықта 300-дей адам қан құюды қажет етеді. Бірақ мереке күндері келушілер аз дейді елордадағы трансфузиология орталығының мамандары. Сондықтан ақхалаттылар азаматтарды донорлар қатарына қосылып, қан тапсыруға шақырады.
Екі күн бұрын телеграм каналдан көріп қалдым да донор керек болып жатыр деп. ДТП-лар көп түсіп жатыр деп, онкологияда адамдар мұқтаж деп жатыр деп. Келіп қан тапсыруды шештім, - деді қан доноры Мақсұт Кемеңгер.
Астана бойынша жылына 60 мыңдай донация жасалады. Бұл бүкіл республикалық көрсеткіштің 20% құрайды. Елде 18 жасқа толған, салмағы 50 келіден жоғары азаматтар донор бола алады. Қан тапсырғанға дейін дәрігерлер 1-2 күн дайындалып, майлы, сүтті тағамдарды жемеуге, кофе ішпеуге және шылым шекпеуге кеңес береді.
Күніне біз 200 донорға мұқтажбыз. Себебі 15-20% донорлықтан отводиться етіледі. Тісін жұлуы мүмкін, тамақ ішіп қоюы мүмкін, тағы да басқа инфекциялар болуы мүмкін. Сол себепті 200 донордың 150-160 донордың қаны бізде өңделеді. Сақталады және астанамыздың 23 медициналық мекемесіне беріліп отырады, - деді «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Дулат Имашпаев.