00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ядролық медицина орталығында алғашқы радиофармацевтикалық препарат өндірілді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ядролық медицина орталығында алғашқы радиофармацевтикалық препарат өндірілді

Ядролық медицина орталығында онкологиялық пациенттерге зерттеу жүргізу үшін алғашқы радиофармацевтикалық препарат өндірілді, деп хабарлады Elorda.info.

Тәуелсіздік күні Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының 4 жыл бойы жасаған еңбектің нәтижесімен бөліскелі отырмын.16 желтоқсан күні ПІБ Медициналық орталығы  ауруханасы базасында жуырда ғана ашылған Ядролық медицина орталығының циклотронды-өндірістік кешені базасында онкологиялық пациенттерге ПЭТ/КТ зерттеу жүргізу үшін 18-фтородезоксиглюкоза (18F-FDG) алғашқы радиофармацевтикалық препарат өндірілді, - деді Президент іс басқармасы медицина орталығының басшысы Алексей Цой.

2026 жылға дейін өндіріске 9 радиофармпрепаратты енгізу жоспарланған болатын.

 Оның 8-і Қазақстанда алғаш рет өндірілетін болады. 2023 жылы келесі жаңа 3 РФДП өндіріске енгізіледі: 18F-NaF, 11C-MET, 18F-DOPA. Бұл онкологиялық пациенттер үшін диагностикалық зерттеулер спектрін кеңейтуге  және шет елдерге бармай-ақ біздің елімізде осы препараттармен ПЭТ/КТ зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Әр түрлі онкологиялық аурулардың диагнозын ерте бастан қойып,  пациенттердің өмірін аурудың өршу қаупінсіз ұзартуға көмектеседі. Бұл жердегі мәселе онкологияны диагностикалау ғана емес, сонымен қатар ел медицинасының кардиология мен неврология саласындағы диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланып отыр, - деді Алексей Цой.

Ядролық медицина орталығының өндірістік базасында радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірілетін болады. Бұл радиофармпрепараттар диагноз қою қиын обыр ауруларын ерте кезеңде айырып тануға мүмкіндік береді.

ПІБ Медициналық орталығы  ауруханасы базасында жуырда ғана ашылған Ядролық медицина орталығының циклотронды-өндірістік кешені базасында онкологиялық пациенттерге ПЭТ/КТ зерттеу жүргізу үшін 18-фтородезоксиглюкоза (18F-FDG) алғашқы радиофармацевтикалық препарат өндірілді.Бүгінгі таңда Медициналық орталықтың ауруханасында Ядролық медицина орталығы - еліміздегі ең жаңа жоғары технологиялық өндірістік және медициналық жабдықтың мүмкіндіктерін және радиоизотоптық диагностика, ұлт денсаулығы қызметі үшін радиофармпрепараттар өндіру саласындағы жетекші мамандардың тәжірибесін біріктіретін бірнеше жобалардың бірі, - деді ведомство басшысы.