00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Министрлік қандай жағдайда мектептер қашықтан оқытуға көшетінін айтты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Министрлік қандай жағдайда мектептер қашықтан оқытуға көшетінін айтты

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысы Роза Қожапова мектеп оқушыларының қандай ЖРВИ деңгейінде қашықтан оқытуға көшуге болатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

ДСМ инфекциялық ауруларды эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапованың айтуынша, Қазақстанда ағымдағы эпидемиялық маусымда тұмау вирусының екі штаммының – А (H3N2) және В және бірқатар тұмау емес инфекциялардың айналымы, риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус және басқалары анықталды.

Барлық дерлік білім беру ұйымдарында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес онлайн режимінде оқыту мүмкіндігі қарастырылғандықтан, бір инкубациялық кезеңде бір сыныптағы балалардың 20-дан 30% дейін ЖРВИ болған жағдайда, сыныптық оқыту жүйесін жою және жаңа балаларды сыныпқа қабылдамау туралы ұсыныс беріледі. Ауру 30%-дан жоғары өскен жағдайда оқыту онлайн форматқа ауыстырылады, - деді Роза Қожапова.