00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл Астанада ЖРВИ жұқтыру көрсеткіші 19 пайызға төмен

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Биыл Астанада ЖРВИ жұқтыру көрсеткіші 19 пайызға төмен

Елорда әкімдігінің баспасөз алаңында Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың қатысумен маусымдық вирустық аурулардың алдын алу тақырыбында онлайн брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.

2022 жылдың 29 қыркүйектен 12 қазанға дейінгі аралығында елорда тұрғындары арасында жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 7 146 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 8 416 жағдай тіркелген еді. 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіштерді салыстыру кезеңінде осы маусымның сырқаттану көрсеткіші 19 пайызға төмен екені анықталды, - деді Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, Астанада жыл бойы тұмауға ұқсас вируспен ауырғандардан талдаулар алып, оларға генетикалық зерттеу жүргізетін 8 медициналық ұйым бар.

Мұндай жұмыстар қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бақылап отыруға мүмкіндік береді. Осылайша, ағымдағы эпидемиологиялық маусымда жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған 14 адамнан Б тұмауы анықталды. Тексеру нәтижесінде пациенттерден COVID-19 вирусы анықталған жоқ, - деп атап өтті Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Сархат Бейсенованың мәліметінше, биылғы эпидемиологиялық маусымда 247 жүкті әйел, 14 жасқа дейінгі 4 140 бала және 1 жасқа дейінгі 66 нәресте ЖРВИ жұқтырған.